Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Еуропа елдері дайын нысандарды ауруханаға айналдыруда

Опубликовано:

COVID-19 инфекциясының өрши түсуіне байланысты Еуропадағы мемлекеттер дайын нысандарды науқас қабылдайтын орталыққа айналдыруда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Кадр Хабар24
Кадр Хабар24: Depositphotos

Мәселен Испания билігі Мадридтің орталығындағы үлкен көрме кешенін ауруханаға айналдырмақ. Жоспар бойынша сыйымдылығы 5 мың орынды құрайды. Нысанның жайлылығы төмен болғанымен, мұнда аурудың жеңіл белгілері бар науқастар орналастырылмақ.

Ал пандемиядан ең көп зардап шеккен Италияда жергілікті госпитальдар қауқарсыз болып отыр. Әсіресе, елдің солтүстігінде науқастар медициналық мекемеге сыймай жатыр. Сондықтан Милан билігі орталық вокзал маңында орналасқан қонақ үй нөмірлерін науқастарға беретін болды.

Мәскеуде де сақтық шаралары қатаң бақылауға алынған. Ресей Қытай тәжірибиесіне сүйеніп, шұғыл инфекциялық аурухана құрылысын бастады. Ол жерде жансақтау бөлімі де орналасады. Аумағы 70 мың шаршы метрді құрайтын нысанды салуға мыңдаған адам тартылған.

Айта кетейік, шұғыл аурухана салу идеясы COVID-19 инфекциясы алғаш тараған Ухань қаласында бастау алған еді. Бүгінде қалада жағдай тұрақталған. 8 сәуірден шаһарда карантин режимі алынады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1846998-koronavirus-europa-elderi-sgyl-trde-auruhana-saluga-kiristi/

pixel