RU

Air Astana 29 наурыздан бастап шетелден қазақстандықтарды әкелуді тоқтатады

Air Astana
Иллюстративное фото: pixabay.com: UGC

Air Astana әуе компаниясы 29 наурызда барлық халықаралық репатриациялық рейстер тоқтатылатынын хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ компанияның Facebook парақшасына сілтеме жасап.

"Күн сайын бізге қазақстандықтарды елге қайтаратын рейстер жөнінде көп сауал келіп түседі. Қазақстан азаматтарын елге жеткізу үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасап жатырмыз.
Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: Original
1-23 наурыз аралығында Air Astana шетелден 37 500-ден аса қазақстандықты алып келді. Наурыздың аяғына дейін бұл сан 40 мыңға жетеді. 29 наурызда барлық халықаралық репатриациялық рейстер тоқтатылады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Мәдениет және спорт вице-министрі Өркен Бисақаев жолдамамен 4556 қазақстандықтың шетелде демалып жүргенін, туристерді елге қайтару бойынша шаралар қабылданып жатқанын хабарлаған еді.

Сондай-ақ, туристерді ұшақтармен қамтамасыз етуге қазақстандық екі әуе компания - Эйр Астана мен Скат жауапты екенін айтқан болатын.

Таяуда Ресей, БАӘ, Грузия, Жапония, Мысыр сынды мемлекеттерден елге мыңдаған адам оралды.

Еліміз сонымен қатар коронавирус қаупі жоғары елдердің тізімін де жаңартты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1847002-air-astana-29-nauryzda-bastap-setelden-kazakstandyktardy-keludi-toktatady.html