Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үйден бизнес жасау: Еуразиялық банк ТЖ кезінде ШОБ-ты қолдауға дайын

Опубликовано:

Белгісіздік пен экономикалық турбуленттілік жайлаған бүгінгі күні казақстандық компаниялар теңге бағамының әлсіреуі, Алматы мен Нұр-Сұлтандағы карантин, елдегі төтенше жағдай секілді көптеген қиындықтарға тап болуда. Биылғы наурыз айының басындағы деректерге сәйкес республика бойынша 1,6 млн шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген.

Үйден бизнес жасау: Еуразиялық банк ТЖ кезінде ШОБ-ты қолдауға дайын

Экономикалық құлдырау мен ауытқулар кезінде ШОБ-ты құтқару жолындағы күрес тек қана ел билігінің құзырындағы мәселе емес. Мұндай қиын кезеңде банктер бизнесмендерге жеңілдіктер ұсыну арқылы отандық компанияларға көмек көрсетеді.

Мәселен, Еуразиялық банк ШОБ-тың кеңселер мен бөлімшелерге бармай-ақ, операциялары бойынша тегін онлайн түрде қызмет алуына мүмкіндік беретін жаңа науқанды іске қосты.

«Елде төтенше жағдай орнамай тұрып-ақ, Еуразиялық банк өз клиенттеріне қызмет көрсетулер мен операцияларды қолжетімді етуге барынша тырысып келеді. Алайда бүгінгі карантин жағдайында онлайн түрде қызмет көрсету өте өзекті болып отыр. Сондықтан банк қазақстандық компанияларды қолдау туралы шешім қабылдап, 1 сәуірден бастап клиенттерге арнап тегін шот ашу және Client‘s Bank қашықтан қызмет көрсету жүйесіне қосылуға мүмкіндік беретін науқанды іске қоспақ. Науқан аясында клиент банк сайтынан шот аша алады, одан ары онымен біздің қызметкері байланысқа шығып, қалған жұмысты бітіреді», - дейді Еуразиялық банктің транзакциялық бизнес бөлімінің басшысы Ольга Маслова.

Бұл науқан компанияның шот ашу мен қашықтан жүзеге асырылатын қызметтерге қол жеткізуге кететін шығындарын азайтады, дейді банктегілер. Яғни операцияларды үйде, қауіпсіз жерде онлайн түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

«Біздің клиенттердің 70%-ы қашықтан жүзеге асырылатын қызметтерді пайдалануда. Бүгінгі күні Client‘s Bank онлайн сервисі арқылы шоттар мен депозиттер ашудан бастап, қызмет көрсету менеджерімен жазбаша сөйлесу секілді қызметтер мен қызмет көрсетулердің барлық түрін алуға болады. Ммұнда, сонымен бірге теңге және валюталық төлемдерін, конверсиялық операцияларын, валюталық келісім-шарттарды рәсімдеу және т.б. жүзеге асыруға болады. Біз клиенттеріміз үшін барынша қолжетімді болуға тырысудамыз», - деді Ольга Маслова. Сонымен бірге, ол науқан 2019 жылдың 31 мамырына дейін жалғасатынын ескертті.

Client’s Bank әлемнің кез келген жерінен шоттарды басқаруға мүмкіндік беріп, уақытты үнемдейді. Сондай-ақ, бұл толықтай қауіпсіз. Ал қазіргі жағдайда өзіңнің, отбасыңның және өз қызметкерлеріңнің қауіпсіздігі бәрінен маңыздырақ, дейді банк.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1847004-jden-biznes-zasau-eurazialyk-bank-tz-kezinde-sob-ty-koldauga-dajyn/

pixel