Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Токио Олимпиадасы кейінге қалдырылды

Опубликовано:

Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах пен Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ биыл Токиода өтеді деп жоспарланған жазғы Олимпиада ойындарын кейінге қалдыру туралы шешім келген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Getty Images
Фото: Getty Images: Depositphotos
"ДДСҰ ұсынған ақпараттар мен қазіргі жағдайды ескере отырып, ХОК президенті мен Жапония премьер-министрі Токио Олимпиадасының уақытын ауыстыру туралы шешімге келді. Бірақ спортшылардың, Олимпиада ойындары мен халықаралық қауымдастықтың барлық қатысушыларының денсаулығын қорғау үшін ол 2021 жылдың жазынан кешіктірілмей өтуі тиіс", - делінген ХОК хабарламасында.

Сонымен қатар хабарламада Олимпиада алауы Жапонияда қала беретіні, атауы да "Токио-2020" ойындары болып сақталып қалатыны айтылған.

Айта кетейік, 2020 жазғы Олимпиада ойындары Токиода 24 шілде мен 9 тамыз аралығында өтуі тиіс болған.

Еске сала кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты маусым-шілде айларына жоспарланған футбодан Еуропа чемпионаты да 2021 жылға шегерілген болатын.

Сонымен қатар УЕФА Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы да тоқтатылған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1847019-tokio-olimpiadasy-kejinge-kaldyryldy/

pixel