RU

Шымкент, Жамбыл облысы, СҚО-да коронавирус жұқтырғандар туралы тың дерек пайда болды

Рассказать Вконтакте

Кеше, 24 наурызда еліміздің үш өңірінде коронавирус дертінің алғашқы жағдайлары тіркелді. Осылайша, Қазақстанда қауіпті індетті жұқтырғандардың саны 72-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

"Шымкент қаласында алғашқы оқиға тіркелді. 1996 жылғы азамат инфекциялық стационарда жатыр. Ер адам Шымкентке Нұр-Сұлтан қаласынан келген. Қазіргі уақытта ол Шымкент қаласының жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауланып, ем-дом қабылдап жатыр. Оның жағдайы бірқалыпты. Онымен байланыста болғандардың барлығы анықталған.

Қазір олар оқшаулануға алынуда. Коронавирус инфекциясының алдын алу үшін Шымкент қаласының жедел штаб мүшелері барлық санитарлық эпидемиологиялық шараларды жүзеге асыруда. Сонымен қатар, штаб шешімімен барлық бағынысты ведомство органдары қаладағы эпидемиологиялық жағдайды айрықша бақылауға алды", - делінген хабарламада.

Жамбыл облысында коронавирус дерегі бойынша тіркелген 1979 жылғы азамат. Оның Қырғызстаннан келгені белгілі болды. Қазіргі уақытта науқас стационарға жатқызылған.

Ал Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген науқастың 1993 жылғы азаматша екендігі анықталған.

Ол Ресей Федерациясынан келген. Әйел адам провизорлық стационарда дәрігерлердің бақылауына алынды. Онымен байланысты болғандардың барлығы анықталып, стационарлық карантинге оқшауланды.

Соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда жалпы 72 жағдай тіркелді.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 36 адам, Алматы қаласында – 29 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Шымкент қаласында – 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам.

Еске сала кетсек, осыған дейін елімізде коронавирус дертіне шалдыққандар 70-ке жеткенін хабарлаған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Шымкент, Жамбыл облысы, СҚО-да коронавирус жұқтырғандар туралы тың дерек пайда болды
Mailfire view pixel