Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Германияда коронавирус жұқтырған Қазақстан азаматы ауруханадан шықты

Опубликовано:

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев шетелде коронавируспен ауруханада жатқан қазақстадықтардың жағдайы туралы айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Германияда коронавирус жұқтырған Қазақстан азаматы ауруханадан шықты
Дәурен Абаев: UGC
"Германиядағы Қазақстан азаматының жағдайы жақсарды. Оны ауруханадан шығарды. Қазіргі кезде ол неміс дәрігерлерінің бақылауында карантинде жүр", - деді Абаев брифингте.

Ал Венгриядағы тағы бір қазақстандықтың жағдайы қанағаттанарлық екені айтылды. Әйел адам ауруханада ем-дом қабылдап жатыр.

Бұдан бөлек, министр қанша қазақстандықтың шетелге шықпай, коронавирусты елде жұқтырғанын айтты.

"Қазақстанда 13 адам коронавирусты жұқтырды. Осы ауруды 29 адам алып келген. Оған қоса, 26 адам олармен ұшақта бірге болған", - деп атап көрсетті Абаев.

Естеріңізге сала кетсек, соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда коронвирус жұқтырудың жалпы 72 жағдайы тіркелді.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 36 адам, Алматы қаласында – 29 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Шымкент қаласында – 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1847057-germaniada-koronavirus-zktyrgan-kazakstan-azamaty-auruhanadan-sykty/

pixel