RU

Алматыда коронавируспен тіркелген тағы екі адам туралы деректер шықты

Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөлімінің бастығы Айзат Молдағасымова онлайн-брифинг барысында оңтүстік астанада коронавирус инфекциясының жаңа жағдайлары туралы ақпаратпен бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

тағыы
Көрнекі фото: Pexels: Depositphotos

Естеріңізде болса, бұған дейін Алматыда тағы екі адамның вирус жұқтырғаны белгілі болған еді.

Молдағасымованың сөзінше, олардың біреуі бұрын коронавирус диагнозы қойылған адаммен жақын байланыста болыпты.

Екінші жағдайға байланысты департамент басшысы екінші науқас қыздың Алматыға өзге елден келгенін мәлім етті. Спикер оның барлық қажетті әрекеттерді жасағанын алға тартты.

Өзі жалға алған пәтеріне таксимен жеткен бойжеткен ешкіммен байланысқа түспей, сыртқа шықпаған. Ауру белгілері пайда болған соң дәрігерлерге өзі хабар беріпті.

Айзат Молдағасымова вирус ошағында залалсыздандыру жұмыстары жүргізілгенін атап өтті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1847086-almatyda-koronaviruspen-tirkelgen-tagy-eki-adam-turaly-derekter-sykty.html