RU

Алматының бас санитары "карантин режимін бұзды" деген айыптауға жауап берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысы Айзат Молдағасымова онлайн брифинг барысында коронавирус инфекциясына қатысты эпидемиологиялық ахуал туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

рррррр

Айзат Молдағасымова. Фото Владимир Заикин/time.kz

Департамент басшысы Германиядан келген транзиттік рейсте коронавирус инфекциясы табылған адаммен бірге келгендіктен 14 күн карантинде жатқан болатын.

Кейін Алматы қоғамдық кеңесі Айзат Молдағасымоваға дер кезінде оқшауланбай, жұмыс бабымен көпшілікпен араласып, адамдардың денсаулығына қауіп төндірді деген айып таққан еді.

Брифинг барысында журналистер осыған қатысты сауал қойған соң бас санитар дәрігер жауап берді.

«Өзіме қатысты айыптауларды негізсіз деп санаймын. Мен 14 күн карантиннен шықтым. Осы уақыт аралығында 2 рет тест тапсырдым. Нәтижесі менде вирус жоқтығын көрсетті.

Біріншіден, мен Германияда болған жоқпын. Мен тек 1,5 сағат транзиттік зонада болдым. 10 наурызда Германия 2-ші санатқа жататын. Сол себепті Германиядан келген адамдар тек телефон арқылы бақылауда болатын.

13 наурызда неге бірден оқшауланбады деген сұрақ болды. Мен өзім түскі 15.00-де инфекция жұқтырған жолаушымен бірге келгенімді білдім.

Естіген уақытта бірден стационарға оқшауланып, тест тапсырдым. Барлығы инфекция жоқтығын көрсетті. 14 наурызда мені емдеуші дәрігерім үйге шығарды. Қазір денсаулығым жақсы»,- деді Айзат Молдағасымова.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматының бас санитары "карантин режимін бұзды" деген айыптауға жауап берді
Mailfire view pixel