Выйти
RU

Алматыда коронавирус жұқтырған тағы бір адам белгілі болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыда тағы бір адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматыда коронавирус жұқтырған тағы бір адам белгілі болды

Көрнекі фото: delo.ua

"26 наурыз, 01.10 сағатта Қазақстандағы коронавирус инфекциясы жағдайы бойынша Алматыда тағы бір адамның жұқтырғаны анықталды", - делінген хабарламада.

Осылайша, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 81 болды.

Алайда ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Қазақстанда коронавирус жұқтырған екі азаматтың жазылып шыққанын мәлімдеген болатын. Оларды бүгін ауруханада шығармақшы екен.

Естеріңізге сала кетсек, 25 наурыз күні таңғы уақытта бірден жеті адамда коронавирус инфекциясы расталып, еліміз бойынша инфекция жұқтырғандар саны 79 болғанын жазған едік.

Одан соң Шымкент қаласында тағы бір адамның осы дертке шалдыққаны белгілі болды.

Сонымен, бүгінгі таңда елімізде коронавирус жұқтырудың 81 дерегі тіркеліп отыр.

Олардың ішінде елордамызда 41, Алматыда 32, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1, Ақтөбе облысында - 1, Шымкент қаласында – 2, Жамбыл облысында - 1, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам аталмыш дертке шалдыққан.

Жазылып, Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео, өзге де экслюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда коронавирус жұқтырған тағы бір адам белгілі болды