Выйти
RU

Алматыда тек азық-түлік дүкендері мен дәріханалар ғана жұмыс істейтін болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Оңтүстік астанада кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыс форматы өзгереді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Бұл туралы брифинг барысында мегаполис басшысының орынбасары Сапарбек Тұяқбаев мәлімдеді.

оооооооо

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

Оның айтуынша, ертең, 26 наурыздан бастап жаңа режим күшіне енеді, оған сәйкес тек тамақ сататын сауда орындары, дәріханалар мен медициналық мекемелер ғана жұмыс істейді.

Барлық басқа сауда және қызмет көрсету нысандары, соның ішінде көлік жуу орындары, қызмет көрсету станциялары, автокөлік сататын дүкендер, авто бөлшектер дүкені, оптика, ломбард, химиялық тазартқыштар, гүл сататын дүкендер, бассейндер және басқалар жабылуы керек.

Сонымен бірге, барахолка және өнімдерден басқа тауарлардың барлық түрлерін сататын басқа да базарлар жабылады.

Тұяқбаев бұл шешім мемлекеттік комиссиямен келісіп қабылданғанын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирустық инфекция елде пайда болғаннан кейін, 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай режимі енгізіліп, екі мегаполис бірден карантинге жабылды: Алматы және Нұр-Сұлтан.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Ақпарат және қоғамдық даму минисрі Дәурен Абаев елімізде коронавирус жұқтырған екі азаматтың жазылып шыққанын мәлімдеген болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда тек азық-түлік дүкендері мен дәріханалар ғана жұмыс істейтін болды