Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Израильде халыққа тек үш себеппен ғана сыртқа шығуға рұқсат етілді

Опубликовано:

Израиль карантин ережелерін тағы да қатаңдатты. Израиль жұрты енді тек үш себеппен сыртқа шыға алады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Хабар24-ке сілетем жасап.

Фото: РИА Новости / Алия Судакова
Фото: РИА Новости / Алия Судакова: Depositphotos

Яғни азық-түлік сатып алу мақсатында, жалғыз серуендеу не жұмысқа жету үшін ғана далада жүруге рұқсат.

Елде біраз кәсіпорынның қызметі тоқтаған. Салдарынан екі қолға бір күрек таппай жүргендер қатары артқан. Олардың саны ел тарихындағы ең үлкен көрсеткішке, яғни 17 процентке жетті.

Осы орайда "жұмыссыздарды тіркеу жылдамдығы" деген жаңа термин пайда болған. Жақында бұл жылдамдық сағатына 7 мыңға дейін жеткен.

 Жалпы Израильде қауіпсіздік шаралары күшейтіліп жатыр. Полицейлер халықты оқшаулау бойынша ұлттық операцияға дайындалуда. Базарлар мен барлық сауда орталығы жабық. Тель-Авивте анализ тапсырудың мобильді бекеттері ұйымдастырылған. Енді коронавирусқа көліктен шықпай тексерілуге болады. 

"Күніне 300 адамнан тексереміз ба деп отырмыз. Бұл әзірге ғана. Осы аптаның ішінде көрсеткішті мыңға дейін жеткізу көзделіп отыр", - дейді Израиль жедел жәрдем қызметінің өкілі. Шафир Ботнер.

Сонымен қатар пандемия салдарымен күрес мақсатында Израиль билігі 40 жылда алғаш рет арнайы салық енгізуге ниетті.

Халық оны табыс салығымен қоса төлеуі тиіс. Билік тұрғындардан алынған бұл ақшаны кейін өздеріне қайтарып беруге уәде беріп отыр. 

Сондай-ақ, Израиль қауіпсіздік қызметіне коронавируспен ауырғандарды телефоны арқылы бақылап, олармен байланыста болған адамдарды өзінше анықтауға рұқсат берілді.

Заң бойынша, арнайы қызметтердің тек екі жағдайда ғана ұялы байланыс компаниялардың мәліметтерін пайдалануға құқығы бар.

Терроризмге қарсы күресте және соттың арнайы рұқсаты болғанда ғана. Ал енді үшінші себеп - коронавируспен күрес бағыты қосылды, ол үшін тіпті сот ордері де керек емес.

Мамандардың айтуынша, тек науқастардың телефондары тексеріліп, соңғы екі аптада кімдермен қарым-қатынаста болғаны ғана анықталады. Мәлім болған дерек тек денсаулық сақтау министрлігіне тапсырылып, министрлік өз кезегінде әлгі азаматтарға науқаспен байланыста болғанын дәлелдеп, екі апта үй карантинінде болуды міндеттеп хабарлама жібереді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1847157-izraildegi-halykka-tek-s-sebeppen-gana-syrtka-syguga-rksat-etildi/

pixel