RU

Коронавирус туралы әзілдеген қостанайлық полицей жұмысынан қуылды

Қостанай облысының Ұзынкөл ауданына қарасты Ершовка ауылының учаскелік полиция инспекторы ғаламтор беттерінде жарияланған видеодағы әрекеті үшін қызметінен кетуге мәжбүр болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Алдын-ала мәлімет бойынша, учаскелік полиция қызметкері жолдастарымен бірге Ершовка ауылындағы үйлердің бірінен 28 жыл бойы сақталған спирт толы бөшкені тауып алса керек.

Сол жерді ол телефонына түсіріп, видео жазбаны WhatsApp мессенджері арқылы танысына жібереді.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, видеода орган өкілі алдымен спиртті еденге төгіп, оған от қояды. Сондай-ақ, жанындағы адамдарымен тапқан "олжаны" сөз етіп, "осынша спиртпен коронавирус қорқынышты емес" деп айтқан.

Ал ролик "Одноклассники" әлеуметтік желісінде тарап кеткен.

Аталмыш факті бойынша қызметтік тергеу жүргізген мамандар учаскелік инспектордың этикалық нормаларды бұзғанын анықтап, қызметінен босатқан.

Еске сала кетсек, бұған дейін төтенше жағдай кезінде үйінің ауласында келін түсіріп, беташар жасаған Арыс тұрғынының, ТЖ кезінде той жасаған Түркістан қаласының тұрғыны жауапқа тартылғаны хабарланған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1847172-koronavirus-turaly-zildegen-kostanajlyk-policej-zmysynan-kuyldy.html