Выйти
RU

Алматыда қырылып жатқан көгершіндер желідегілерді алаңдатты (фото, видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желі беттерінде Алматы көшелеріндегі қырылып жатқан көгершіндердің видеосы тарап кетті. Желідегілердің сөзінше, құстар залалсыздандыру жұмыстарынан соң өлген болуы мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы көшелерінде қырылып жатқан көгершіндердің видеосы тарады

Фото: facebook.com/s.dildakhmet: Facebook

Facebook желісінде Ерқанат Тұрсынжанұлы есімді қолданушы Алматыдағы өлген көгершіндердің видеосын жариялаған.

"Дeзинфекцияның әсері емес пе? Көгершіндер қырылып қалыпты... Алматы қаласы", - деп жазды ол.

Кейінірек, аталмыш мәселеге қатысты Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет көгершіндердің неден қырылып қалғаны анықталып жатқанын айтты.

"Бүгін бізге Алматыдағы 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағында жансыз жатқан әрі әлсіреп құлаған көгершіндерге қатысты фото мен видеоматериалдар келіп түсті.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Алматы облысы бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының мамандары жауапты мемлекеттік органдармен бірлесіп, көгершіндерді тексеру үшін лабораториялық зерттеу жүргізгелі жатыр", - деп жазды Сәкен Ділдахмет Facebook-тегі парақшасында.

Еске сала кетсек, Алматыда қоғамдық және әлеуметтік маңызы бар орындарда дезинфекциялау жұмыстары жалғасуда.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда қырылып жатқан көгершіндер желідегілерді алаңдатты (фото, видео)