RU

Испанияда премьер-министрдің орынбасарынан коронавирус табылды

Испанияда премьер-министрдің бірінші орынбасарынан коронавирустық инфекция анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Испанияда премьер-министрдің орынбасарынан коронавирус табылды
Кармен Кальво. Фото: Europa Press News / Getty Images: Facebook

Бірінші вице-премьер Кармен Кальвоның коронавирус жұқтырғанын шетелдік басылымдар жазуда.

БАҚ ақпаратына сүйенсек, шенеуніктің бірінші анализі теріс нәтиже көрсеткен. Алайда медицина мамандары қатты күдіктеніп, Кальвоға қайтадан тексерістен өтуге кеңес берген.

Екінші рет тапсырған тест нәтижесінде жастағы Кармен Кальвоның коронавирус жұқтырып алғаны анықталған.

Еске сала кетсек, соңғы деректерге сәйкес, әлемде қазір 472 066 вирус жұқтырған науқас бар. Сонымен бірге, 110 254 науқас ауруынан айыққан. Сондай-ақ 21 мыңнан аса адам вирустың құрбаны болған.

Қазіргі уақытта Италиядағы жағдай ең ауыр болып отыр. Мұнда көз жұмғандар саны күннен күнге өсуде.

Испания елінде де COVID-19 эпидемиясынан болған өлім саны артты. Осылайша, бұл мемлекет өлім-жітім көрсеткіші бойынша Италиядан кейінгі әлемдегі екінші ел болып отыр.

Ал Қазақстанда соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирустық инфекциясы 88 адамнан анықталып отыр.

Бүгін олардың екеуі сауығып, ауруханадан шығады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1847192-ispaniada-premer-ministrdi-orynbasarynan-koronavirus-tabyldy.html