Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«Біргеміз»: Хабар жаңа бейнебаян ұсынды

Опубликовано:

Ақын Сырым Әуезханның сөзіне жазылған әнші-композитор Ибрагим Ескендердің «Біргеміз» атты әні дәл осындай сынақ кезеңіне арнайы жазылған.

Хабар «Біргеміз» атты әнді ұсынды

Бейнебаянның да мақсаты елдің еңсесін көтеріп, ертеңге деген сенімін арттыру. Карантин уақытында халықты сабырлылық, шыдамдылық танытуға, өз басын қатерге тігіп, еңбек етіп жүрген дәрігерлерді қолдауға, арнайы қызмет мамандарына түсіністікпен қарауға шақыру.

Елде төтенше жағдай жарияланып, халықтың көңілі алаң боп отырған сәтте, мұндай рухты әндер қажет. Сондықтан болар, «Хабар» Агенттігі бұл бейнебаяны әлеуметтік желіде тез тарап, көпшіліктің көңілінен шықты.

«БІРГЕМІЗ» әнінің сөзі

Қиын-қыстау қилы заманда,

Не болмаған байтақ даламда.

Тарихтағы талай боранда,

Мың жанып, мың өшкенбіз.

Қашан от пен суға түспедік,

Бақыт үшін бәрін істедік.

Бірлігіміз бойға күш беріп,

Сан сынақты кешкенбіз.

Қайырмасы:

Күлтегінбіз, қаған Білгеміз,

Құламаған елміз мүлде біз.

Көк аспан мен көк ту астында,

Күн сөнгенше біргеміз.

Қыран қазақ, берік іргеміз,

Құламаған елміз мүлде біз.

Әлі бізде алар асу көп,

Бәріміз де біргеміз.

Жауған оқтан шықтық құламай,

Аштықтан да өттік жыламай.

Бәйтерек боп биік сұламай,

Майыспадық, сынбадық.

Сынақ себеп емес кеюге,

Тек тазалық болса пейілде.

Қою қара түннен кейін де,

Таң атады нұрланып.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1847194-birgemiz-habar-zaa-bejnebaan-syndy/

pixel