Выйти
RU

ДСМ комитет басшысы Бекшиннің бас санитар қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің басшысы Людмила Бюрабекова Жандарбек Бекшиннің не себепті елдің бас санитарлық дәрігері қызметінен кеткенін айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Время" басылымына сілтеме жасап.

Людмила Бюрабекова. Фото: ОКҚ. Жандарбек Бекшин. Фото: kapital.kz.

Людмила Бюрабекова. Фото: ОКҚ. Жандарбек Бекшин. Фото: kapital.kz.

Бюрабекованың айтуынша, қызметтен кету туралы шешімді Бекшин өз еркімен қабылдаған.

Журналист коронавирусқа байланысты Жандарбек Мұхтарұлының есімі бұқаралық ақпарат құралдарында жиі аталғанын еске салып, оның қызметтен кету туралы шешім қабылдауына осы жайт әсер етті ме деген сұрақ қойды.

Өз кезегінде комитет төрайымы Бекшиннің қызметінен кетуі Алматы қаласы бас санитарлық дәрігерінің карантинге жатқызылуымен тұспа-тұс келгенін жеткізді.

"Сондықтан Жандарбек Мұхтарұлын оңтүстік астанаға жіберуге шешім қабылданды – ол жерде санитарлық бақылауды күшейту қажет болды.
Бұдан кейін Бекшин Алматы облысына ауыстырылады. Ол жерде коронавирус жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелген. Сондай-ақ бұл өңірде бақылауды күшейту аса маңызды. Себебі бұл облыс аспан асты елімен шекараласады", – деп түсіндірді Бюрабекова.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның бас санитарлық дәрігері болған Жандарбек Бекшиннің қызметінен кеткенін хабарлаған болатынбыз.

Оның орнына орнына бұл қызметке Айжан Есмағамбетова келді.

Материалды көшіріп басу, тарату "Время" басылымының рұқсатымен ғана жүзеге асырылады!

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
ДСМ комитет басшысы Бекшиннің бас санитар қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірді