RU

Алматыдан Ақтауға жалғыз жолаушы ұшып келді (видео)

Еліміздің ең ірі екі қаласы жабылатын уақытта Алматыға Ақтаудан бортында тек бір ғана жолаушысы бар ұшақ ұшып келген. Қалған 59 адам оңтүстік астанаға барудан бас тартқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

InAktau басылымының хабарлауынша, 21 наурыз күнгі рейсті SCAT әуе компаниясы орындаған. 22 наурыз оңтүстік астана жабылатын болғандықтан, 60 адамның біреуі ғана ұшуды жөн көрген.

Әуе компаниясы Tengrinews.kz порталына жалғыз жолаушы болса да, рейстің орындалғанын мәлімдеді. Одан бөлек, бортқызметкер жолаушыны қуанту мақсатында оның аты-жөнін атап, күтіп алыпты.

Фото: InAktau.kz
Фото: InAktau.kz: UGC

Айта кетейік, 26 наурыздағы жағдай бойынша, елімізде COVID-19 коронавирустық инфекциясы 88 адамнан анықталып отыр.

Бүгін олардың екеуі сауығып, ауруханадан шығады.

Еске сала кетсек, оңтүстік астанада карантинге байланысты жаңа шектеулер күшіне енді. Бүгіннен бастап қаладағы негізгі сауда нысандары мен қызмет көрсету нысандарының жұмысы тоқтатылады.

Шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаевтің сөзінше, тек дәріханалар мен медициналық ұйымдардың, азық-түлік дүкендері, жанар-жағармай стансаларының жұмысына шектеу қойылмайды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1847211-almatydan-aktauga-zalgyz-zolausy-syp-keldi-video.html