Выйти
RU

Оңтүстік Кореяда сотталған қазақстандықтың жаза мерзімі қысқартылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Өткен жылы Оңтүстік Кореяда кішкентай баланы көлікпен қағып кеткен қазақстандық азаматтың ісі бойынша 26 наурызда Чангвон қаласында аппеляциялық соттың қорытынды отырысы өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

кореяда

Сотталушы қазақстандық. Фото: yna.co.kr

Еліміздің сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, сот отырысына қазақстандық дипломаттар қатысқан.

Сондай-ақ елшілік қолдауымен аудармашы қызметі тегін ұсынылған.

"Тыңдау барысында сот бұрын шығарылған үкімді (2 жыл 6 ай) тым қатаң деп санап, бас бостандығынан айыру мерзімін түзеу жұмыстарымен қоса алғанда 2 жылға дейін қысқарту туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, қорғау тарапының Корея Республикасының Жоғарғы Сотына 7 күн ішінде аппеляцияға беру құқығы бар", - деді Смадияров.

СІМ өкілінің сөзінше, аталған уақыт аралығында отандасымыз тергеу изоляторында болады. Егер аппеляциялық шағым түспесе, онда Чангвон қаласының түрмесіне ауыстырылады.

Сондай-ақ, жазаны өтеу мерзімі ұсталған сәттен, яғни 2019 жылдың 14 қазанынан бастап есептеледі. Осылайша, жазаның жалпы мерзімі 1 жыл 6 айды құрайды.

Смадияровтың айтуынша, отандасымыздың жағдайы жақсы, ешқандай шағымы жоқ.

Еске сала кетсек, осы жылдың басында Оңтүстік Кореяда бала қағып кеткен қазақстандық азаматтың екі жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айырылғаны хабарланған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Оңтүстік Кореяда сотталған қазақстандықтың жаза мерзімі қысқартылды