Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Трамп мемлекет басшысын және Қазақстан халқын наурыз мейрамымен құттықтады

Опубликовано:

АҚШ Президенті Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты және Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Дональд Трамп. Фото: kremlin.ru
Дональд Трамп. Фото: kremlin.ru: Depositphotos

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Құрметті президент мырза, сізге, сіздің отбасыңызға және Қазақстан халқына қуанышты да бақытты Наурыз тілеймін. АҚШ-та, Қазақстанда және бүкіл әлемде Наурыз бірлік, мейірімділік, жаңару мерекесі бола отырып, адамдарды достыққа біріктіретін мейрам.
Биылғы жылы біз үлкен экономикалық дамуға қол жеткіздік. Сіздің америкалық бизнес үшін қолайлы болып табылатын реформалар жүргізіп отырғаныңызға қуаныштымын. Сондай-ақ, біз Ауғанстанға бейбітшілік орнату бағытында жұмыстар атқарудамыз. Мен екі ел арасындағы тығыз ынтымақтастық үшін болашақ мүмкіндіктерді жасауға ниетті екенімді білдіремін. Наурыз құтты болсын!", - делінген құттықтауда.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады.

Сондай-ақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та ұлыстың ұлы күнімен ел тұрғындарын қүттықтады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1847226-tramp-memleket-bassysyn-zne-kazakstan-halkyn-nauryz-mejramymen-kttyktady/

pixel