Выйти
RU

Олимпиаданың 2021 жылға ауыстырылуы қанша шығын келтірмек

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Токиодағы Олимпиада ойындарын 2021 жылға ауыстыру шешімі ұйымдастырушыларға 2,7 миллиард доллар шығын келтіруі мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Forbes басылымы келтірген деректерге қарағанда, 2019 жылғы желтоқсандағы жағдай бойынша Олимпиаданың бюджеті шамамен 12,6 миллиард долларға бағаланған. Ойындардың мерзімін ауыстырғаннан кейін ұйымдастырушыларға 15,3 миллиард долларға жуық қаражат жұмсауға тура келеді.

Бұл жағдайда Токиодағы дүбірлі дода тарихтағы ең қымбат екінші Олимпиада атанбақ. Айта кетейік, әлемдегі ең қымбат Олимпиада Ресейде өткен еді. Сочидегі Ойындарға 21,9 миллиард доллар жұмсалған.

Еске сала кетсек, 24 наурызда Токио Олимпиадасының 2021 жылға шегерілгені белгілі болды. Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах пен Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ биыл Токиода өтеді деп жоспарланған жазғы Олимпиада ойындарын кейінге қалдыру туралы шешімге келді.

Сондай-ақ әлемде коронавирустың белең алуына байланысты биылғы маусым-шілде айларына жоспарланған футболдан Еуропа чемпионатының 2021 жылға шегерілетіні хабарланған.

Ал Еуропаның футбол қауымдастығы одағы (УЕФА) ресми түрде әлемнің басты еурокубоктары – Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасын тоқтатқанын мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Олимпиаданың 2021 жылға ауыстырылуы қанша шығын келтірмек