RU

Қазақстанның басқа өңірлеріне қандай жағдайда карантин енгізіледі

Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрлігі қандай жағдайда Қазақстанның өзге өңірлеріне карантин енгізілетінін айтты. Ведомствоның ресми өкілінің сөзінше, бұл үшін COVID-19 жұқтырғандардың саны бестен асуы керек деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

карантин

Көрнекі фото: NUR.KZ

"Ведомствоаралық комиссияның қаулысына сәйкес, егер басқа қалаларда коронавирустық инфекциямен ауырғандар саны бес адам және одан да жоғары болса карантин енгізіледі", - деді Диас Ахметшәріп.

Сонымен бірге ол мұндай шешімді жергілікті атқарушы орган, яғни әкімдік қабылдайтынын атап өтті.

Еске сала кетсек, соңғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда 97 адамнан коронавирус табылды. COVID-19 жұқтыру дерегі Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды қалалары мен Алматы, Ақтөбе, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелген.

COVID-19 инфекциясына байланысты президент жарлығымен Қазақстанда 16 наурызда бастап 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланған.

Ал еліміздің екі ірі қаласы Алматы мен Нұр-Сұлтанда вирустың таралуына жол бермес үшін 19 наурыздан бастап карантин режимі енгізілген.

Айта кетейік, төтенше жағдай кезінде заңды талаптарды орындамаған азаматтар жауапкершілікке тартылады.

Мәселен санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының нұсқамаларын орындамағаны (ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі – 500 АЕК-ке дейін айыппұл) және санитариялық ережелер мен гигиеналық нормаларды бұзғаны үшін (ӘҚБтК-тің 425-бабы – 5 млн теңгеге дейін айыппұл) әкімшілік жауаптылық белгіленген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанның басқа өңірлеріне қандай жағдайда карантин енгізіледі
Mailfire view pixel