RU

Италияда қала басшылары көшеде жүргендерді өздері қуа бастады

Рассказать Вконтакте

Италияда коронавиурс жұқтырғандардың саны күн санап өсіп жатыр. Осы орайда қала мэрлері мен аймақ басшылары халыққа үндеу жолдап, үйде отыруды талап етуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Италияда қала басшылары көшеде жүргендерді жазалауда

Көрнекі фото: pixabay.com

24 наурыз күні жарияланған жарлыққа сәйкес, коронавирус жұқтырғанын білетін адамдардың карантинді бұзғаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылатыны белгілі болды.

Ең төменгі жаза мерзімі - бір жылды құрады. Ал дені сау адамдарға қала әкімдері мен аймақ басшылары үйде отыру қажеттілігі туралы:

Аймақ басшысы Винченцо де Лука жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын дарды полициямен қорқытты. Ал Бари қаласының мэрі жағажайда "аяғын теңізге салмақ" болған адамдарды жеке өзі айдап шықты.

Аймақ басшысы Винченцо де Лука жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын азаматтарды полициямен қорқытты.

Ал Бари қаласының мэрі жағажайда "аяғын теңізге салмақ" болған адамдарды жеке өзі айдап шықты.

Ал Делия қаласының мэрі жүгіруді қалайтындардың күрт өсуіне таң қалды, себебі бұған дейін қалада, оның айтуынша, жүгіретін тек 20 адам болған.

Иттерді серуендетіп жүргендер де әкімдерден сөгіс алды.

"Иттерді қайда апарасыз, оларда қуық қабынуы бар ма? Сіз үйде отыруыңыз керек! Сіз күніне 400-ден астам адамның қаза болып жатқанын түсінбейсіз бе?", - деп мәлімдеді Гуальдо-Тадино қаласының мэрі Массимильяно Прешутти.

Естеріңізге сала кетейік, Италияның Ломбардия қаласында коронавирус жұқтырған медбикенің өз-өзіне қол жұмсағанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Италияда қала басшылары көшеде жүргендерді өздері қуа бастады
Mailfire view pixel