RU

Даниал Ахметовтың қарындасын ұрлағандарға сот үкімі шықты

Павлодарда ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың қарындасын ұрлауға тырысты деп айыпталған кәсіпкер мен оның жүргізушісінің ісі қаралды. 360 млн теңге қарызы бар азамат дәл осылай қаржылық мәселесін реттемек болған. Бүгін айыпталушыларға сот үкімі шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гульфаз Аубанова. Фото "Окрыленные женщины Казахстана" (artstatus-kniga.kz) кітабынан. Даниал Ахметов. Фото: Хабар 24
Гульфаз Аубанова. Фото "Окрыленные женщины Казахстана" (artstatus-kniga.kz) кітабынан. Даниал Ахметов. Фото: Хабар 24: UGC

Үкім оқылғанда сот залында айыпталушылар болмады. Гульфаз Аубанованы ұрлауға әрекет жасағандар шешімді тергеу изоляторында видеобайланыс арқылы тыңдады.

Ал сот залына журналистерді кіргізу-кіргізбеу туралы шешім ұзақ қабылданды. Нәтижесінде тілшілерге рұқсат беріліп, маска тағу міндеттелді.

Судья карантинге байланысты үкімді толық оқыған жоқ. Кәсіпкер колонияға 13 жылға, ал қылмыс жасауға көмектескен фирма қызметкері 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Одан бөлек, олар Аубановаға 6 млн теңге төлеуі тиіс.

Еске сала кетейік, 2019 жылғы 18 қыркүйекте белгісіз біреулер Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің қарындасы Гүлфаз Кенжетайқызын Павлодардың ортсындағы зәулім үйдің қасында ақ көлікке салып, ұрлап кетпек болған. Абырой болғанда, ол қашып құтылған.

Кейіннен оны ұрлауға әрекеттенген адамдардың шенеуніктен қанша ақша талап етуді көздегендері белгілі болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1847282-danial-ahmetovty-karyndasyn-rlagandarga-sot-kimi-sykty.html