Выйти
RU

Коронавирустан айыққан екі қазақстандық ауруханадан шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Коронавирустан айыққан екі қазақстандық ауруханадан шықты. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Коронавирустан айыққан екі қазақстандық ауруханадан шықты

Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 97-ге жетті. Соңғы сағатта Нұр-Сұлтанда тоғыз жаңа дерек тіркелді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы статистикасына сәйкес, қазіргі уақытта әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 472,4 мыңнан асты.

Бүгінде әлем бойынша 21,3 мыңға жуық науқас қайтыс болды, ал 114,7 мың адам аурудан айығып шықты.

Дертке шалдыққандар саны бойынша бірінші орында Қытай тұр, ал қайғылы жағдайлар Италияда көп тіркелді.

Коронавирус жұқтырғандар:

Қытай- 81,2 мың адам

Италия-74,3 мың адам

АҚШ - 68,4 мың адам

Салыстыру үшін Қазақстан-97 адам.

Қайғылы жағдайлар:

Италия-7,5 мың

Қытай-3,2 мың

АҚШ-1,1 мың

Қазақстан-0.

Елімізде коронавирустан жазылғандар саны 2. Ал қытайлық дәрігерлер 74 мың науқасты дерттен айықтырды. Жаңа деректер Америка Құрама Штаттарында көп тіркелуде. Аталған статистика сағат сайын артып келеді.

Естеріңізге сала кетейік, Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанның өзге өңірлеріне қандай жағдайда карантин енгізілетінін айтты. Ведомствоның ресми өкілінің сөзінше, бұл үшін COVID-19 жұқтырғандардың саны бестен асуы керек.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирустан айыққан екі қазақстандық ауруханадан шықты