Выйти
RU

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 109-ға жетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елімізде коронавирустың жаңа 12 дерегі тіркелді. Науқастардың алтауы Алматыда, алтауы Нұр-Сұлтан қаласында. Осылайша, Қазақстанда COVID -19 инфекциясын жұқтырғандар саны 109-ға жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 61 адам, Алматы қаласында 40 адам, Қарағанды қаласында 2, Шымкент қаласында 2 адам, Алматы облысында 1 адам, Ақтөбе облысында 1 адам, Жамбыл облысында 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында 1 адам - жалпы 109 науқас тіркелді.

Сондай-ақ, бүгін елімізде коронавирустан айыққан екі адам ауруханадан шықты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы статистикасына сәйкес, қазіргі уақытта әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 472,4 мыңнан асты.

Бүгінде әлем бойынша 21,3 мыңға жуық науқас қайтыс болды, ал 114,7 мың адам аурудан айығып шықты.

Дертке шалдыққандар саны бойынша бірінші орында Қытай тұр, ал қайғылы жағдайлар Италияда көп тіркелді.

Коронавирус жұқтырғандар:

Қытай- 81,2 мың адам

Италия - 74,3 мың адам

АҚШ - 68,4 мың адам

Салыстыру үшін Қазақстан - 109 адам.

Қайғылы жағдайлар:

Италия - 7,5 мың

Қытай - 3,2 мың

АҚШ - 1,1 мың

Қазақстан-0.

Елімізде коронавирустан жазылғандар саны 2. Ал қытайлық дәрігерлер 74 мың науқасты дерттен айықтырды. Жаңа деректер Америка Құрама Штаттарында көп тіркелуде. Аталған статистика сағат сайын артып келеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 109-ға жетті