Выйти
RU

Үндістанда қалып қойған қазақстандықтар жанайқайын жеткізді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Коронавирусқа байланысты шекаралары жабылған Үндістанда ондаған қазақстандық қалып қойған. Бұл жағдайға жергілікті тұрғындардың да көңілі толмайтын көрінеді. Үнділердің басым бөлігі коронавирусты елге туристер кіргізді деген ойда. Сондықтан да оларға жылы шырай танытпайды. Үндістандағы қазақстандықтардың бірі бастан кешіп жатқан жағдайымен бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Үндістанның Дварака қаласы. Фото: NUR.KZ оқырманы

Үндістанның Дварака қаласы. Фото: NUR.KZ оқырманы

Оқырманымыздың айтуынша, өзімен бірге тағы үш отандасымыз "үнді атлантидасы" – шағын Дварака қаласында қалып қойған. Ол жерге Делиден бір тәулікте пойызбен жетуге болады. Қазақстандықтар 28 наурызда Үндістан астанасынан ұшып кетуі тиіс болған. Алайда, кенеттен бұл ел тұтастай карантинге жабылды.

"Стансада билет алған кезімізде бізді қандай жағдайда болсын темір жол қозғалысы тоқтамайтынына сендірген. Алайда, осында жеткеннен кейін жағдай бірден өзгерді. Үндістанда барлық әуе қатынастары, барлық көлік құралдары тоқтатылды. Ең сорақысы – Дваракадағы барлық азық-түлік дүкендері, банктер, біз тамақтанып жүрген асханалар, барлығы жабылды", – дейді Қазақстан азаматы.
Үндістанның Дварака қаласы. Фото: NUR.KZ оқырманы

Үндістанның Дварака қаласы. Фото: NUR.KZ оқырманы

Дегемен ол жергілікті тұрғынның оларға қол ұшын созғанын айтып берді.

"Бізді жергілікті үндіс құтқарды, онымен кездейсоқ танысып қалғанбыз. Бізге әлдебір жерден тамақ алып келеді, плитка, ыдыс-аяқ, сүт әкелді. Тағы бір жергілікті тұрғын долларымызды ауыстыруға уәде берді", – дейді отандасымыз.

Алайда, жергілікті тұрғындардың барлығы бірдей шетелдіктерге жылы шырай танытпайтын көрінеді. Олардың басым бөлігі туристерді коронавирусты таситын басты қауіп ретінде көреді.

"Ал қалған жергілікті тұрғындардың көзқарасы басқаша: олар туристерді коронавирустың негізгі тасушылары ретінде көреді. Бізді көргенде "корона" деп айқайлап, беттерін маскамен, орамалмен жабады. Тіпті, жергілікті әйел "коронавирус таситын қауіпті шетелдіктер" деп билікке шағымданған", – дейді қазақстандық.

Ол сондай-ақ қазақстандық консулмен сөйлескендерін айтты. Дипломат Үндістанда әуе қатынасы ашылған бетте оларды арнайы респен алып кететіндерін жеткізген.

Үндістанның Дварака қаласы. Фото: NUR.KZ оқырманы

Үндістанның Дварака қаласы. Фото: NUR.KZ оқырманы

NUR.KZ редакциясы Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне хабарласып, қазіргі таңда Үндістанда қанша отандасымыз бар екенін, олар қашан елге қайта алатынын сұраған болатын.

"Адам саны сағат сайын өзгеруде. Қазіргі сәтте Үндістанда елге оралуға ниет білдірген 76 адам бар. Өздеріңіз білетіндей, Үндістан 15 сәуірге дейін – әуе, жер, су көліктері қозғалысына тыйым салған. Сондықтан да қазір азаматтарымызды ол жерден шығару жолдары мен мезгілі қарастырылуда", – деп атап өтті сыртқы саяси ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров.

Еске сала кетейік, 29 наурыздан бастап Air Astana әуе компаниясының шетелден қазақстандықтарды әкелуді тоқтататынын хабарлаған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Үндістанда қалып қойған қазақстандықтар жанайқайын жеткізді