Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтарға көшеде жүруге тыйым салына ма: Абаев жауап берді

Опубликовано:

АҚДМ басшысы адамдардың көшеде жүруіне қатысты қатаң шаралар қолданылатынын жоққа шығармайды. Бұл COVID-19 оқиғаларының күрт өсуіне байланысты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Абаев қазақстандықтарға көшеде жүруге тыйым салынуы мүмкін бе деген сауалға жауап берді
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Дәурен Абаев елдегі коронавирустың қазіргі жағдайы туралы баяндады. Сонымен, оның айтуынша, бүгінде осы инфекцияны жұқтырған науқастардың саны 109 адамға жеткен.

Ол сондай-ақ вирустан емделу жағдайлары туралы айтты. Оның сөзінше, бір науқас Алматы ауруханасынан, екіншісі Нұр-Сұлтан ауруханасынан шығарылды.

Ал журналистер одан вирусты жұқтырғандар санының күрт артуына байланысты адамдардың қозғалысына ғана емес, көшеде жүруіне қосымша шектеулер енгізу мүмкіндігі туралы сұрады.

Министр мұндай мүмкіндікті жоққа шығармады.

Оның айтуынша, бұл мәселе елде COVID-19-дың таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік комиссияда қаралуда.

Абаев бұл комиссияның келесі отырысы бүгін өтеді деп мәлімдеді. Халыққа оның барысында қабылданған шешімдер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарланады.

Елімізде коронавирустан жазылғандар саны әзірге 2. Ал қытайлық дәрігерлер 74 мың науқасты дерттен айықтырды. Жаңа деректер Америка Құрама Штаттарында көп тіркелуде. Аталған статистика сағат сайын артып келеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1847300-kazakstandyktarga-ksede-zruge-tyjym-salyna-ma-abaev-zauap-berdi/

pixel