Выйти
RU

Павлодарда ерлі-зайыптылар жұмбақ жағдайда қаза тапты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Павлодар қаласында ерлі-зайыптылардың жұмбақ өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Алдымен 24 жастағы психолог Лилия Мельник биіктен құлап мерт қаза тапқан. Артынша оның 30 жастағы күйеуін белгісіз біреулер үйінің алдында пышақтап кетті. Марқұмның жақындары бұл өлімге кімді кінәларын білмей отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Видеодан кадр/КТК телеарнасы

Видеодан кадр/КТК телеарнасы

Телеарна мәліметінше, тергеу барысында күйеу баласы басты күдікті саналған. Оған басты себеп Лилия Мельник көз жұмардың алдында жарымен ажырасуды жоспарлапты.

"Қызым "Жақын күндері ажырасуға өтініш беремін деп жүрген. Алайда үлгермеді. Олар күйеуі екеуіне ортақ мүлікті сатып, ақшасын теңдей бөлмек еді. Оның ішінде 2 қымбат көлік бар, біреуінің құны 5 миллион теңге", - деді марқұмның анасы Галина Мельник.

Полицейлердің болжамы бойынша, ол жоғары қабаттан құлап мерт болған. Марқұмның анасы бұған мүлдем сенбейді. Ал Лилияның қазасынан көп уақыт өтпей, оның күйеуін де пышақтап кеткен.

Бұл іске байланысты Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Жанна Біләлова пікір білдірді.

"24 жастағы қыздың өліміне қатысты Қылмыстық кодекстің 105 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі жүргізілуде. Ал оның күйеуінің қазасына байланысты аталған кодекстің 99 бабы бойынша тергеу амалдары басталды", - ведомство өкілі.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Жазылып, Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео, өзге де экслюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Павлодарда ерлі-зайыптылар жұмбақ жағдайда қаза тапты