Выйти
RU

Тоқаев: Қиын жағдайға душар болған тұрғындарды қолдауды шұғыл іске асыру керек

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қиын жағдайға душар болған тұрғындарды қолдауды шұғыл іске асыру керектігін мәлім етті деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

"Атқарушы билік өкілдері азаматтар мен бизнеске қаржылай қолдау шараларын аз қамтылған отбасыларға ай сайын берілетін бір айлық көлемдегі көмекті және қиын жағдайға душар болған тұрғындарды қолдауды шұғыл іске асыру керек. Халықтың сұрақтарына тез әрі түсінікті жауап берілуі қажет", - деді Тоқаев.

Еске сала кетсек, осыған дейін елімізде қауіпті дерттен бір адамның қайтыс болғанын жазған болатынбыз.

Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Даурен Абаев мәлімдеді.

"Өкінішке қарай бүгін коронавирустен науқас бір әйел қайтыс болды. Бұл орны толмас ауыр қаза. Марқұмның жақындарына көңіл айтамыз", - деді ол.

Министр халыққа сақтық шараларын орындауды өтінді.

"Үйде болыңыздар! Аман болайық. Ертең Нұр-Сұлтан қаласының Денсаулық сақтау басқармасы көз жұмған әйелге қатысты ақпаратты береді. Бұл жағдай – коронавирус инфекциясының қаупін тағы бір еске салып отыр. Қазір болып жатқан жағдай – бәріміз үшін сынақ. Оқшаулану бойынша биліктің барлық талабын орындау керек", - деді Даурен Абаев.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпті індеттен көз жұмған әйелдің туыстарына көңіл айтты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Жазылып, Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео, өзге де экслюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тоқаев: Қиын жағдайға душар болған тұрғындарды қолдауды шұғыл іске асыру керек