Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы коронавирус ошақтарын білесіз бе

Опубликовано:

Алматыда санэпидемиологтар 20 ошақты бақылауға алды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің дерегі бойынша, бүгін Алматыда коронавирус шыққан ошақтың саны 20-ға жетті.

Қазір санитарлық мамандар кіреберісте күшейтілген дезинфекциялық режім енгізіп жатыр. Басқа үйлердің тұрғындарының қозғалысы мен кіруіне шектеу қойылды.

Карантин режимі мерзім аяқталғаннан кейін алынып тасталады.

  • Әуезов ауданында 2 жұқтыру ошағы - Жетісу-2 ықшамауданы 70а-үй; Мамыр-4 ықшамауданы 313-үйде орналасқан.
  • Алатау ауданында 5 жұқтыру ошағы - Заря-Восток ықшамауданы, Сарыой көшесі 234-үй; Ақкент ықшамауданы 7-үй; Ақбұлақ ықшамауданы 9-үйде орналасқан.
  • Алмалы ауданы бойынша 3 ошақ - Желтоқсан көшесі 125-үй; Жароков көшесі 16-үй; Жароков көшесі 7-үйде орналасқан.
  • Медеу ауданында 4 ошақ тіркелді. Олар Зенков көшесі 59-үй; Достық көшесі 162-үй; Гоголь көшесі 75; Қонаев көшесі 62-үйде. Жетісу ауданында 2 ошақ - Еңлікгүл көшесіндегі 34а-үй, Волочаевская көшесіндегі 51-үйде тіркелді.
  • Түрксіб ауданында 5 ошақ - Алтай-1 ауданы 8-үй; «Жас қанат» ықшамауданы 86-үй; Майлин көшесі 77-үй; Спасская көшесі 63-үй; Жұлдыз-2 ықшамауданындағы 45-үй белгіленді.
  • Бостандық ауданында 1 ошақ – Тұрғыт Өзал көшесіндегі 242-үй.
Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Айта кету керек, Зенков көшесіндегі 59-үйдің тұрғыны бүгін жазылып шыққан болатын. Бұл мекенжайдан 27 наурыз сағат 00:00-ден бастап шектеу шаралары алынады. Әйел 14 күн ішінде үй карантинінде болады, медицина қызметкерлері денсаулық жағдайына мониторинг жүргізеді.

Қала билігі алматылықтарды карантин режімін қатаң сақтауға, карантиндік аумақтың ішінде жүруден аулақ болуға, жеке гигиена шараларын сақтауға, туыс, дос, әріптестерімен қарым-қатынасты шектеуді сұрайды.

Мұндағы мақсат – әр адамның өзін коронавирус инфекциясын жұқтырудан сақтау, жақындары және айналасындағыларға да жұқтыру қаупін төмендету.

Қала әкімдігі, медициналық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметтері тарапынан індеттің ошақ аумағынан тыс жерге таралып кетпеуі үшін күшейтілген іс-шаралар атқарылуда.

Еске сала кетсек, осыған дейін елімізде қауіпті дерттен бір адамның қайтыс болғанын жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1847365-almatydagy-koronavirus-osaktaryn-bilesiz-be/

pixel