RU

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны жарты миллионнан асып кетті

Рассказать Вконтакте

Дүние жүзінде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 526,6 мыңнан асып кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Онлайн режимде әлемдегі коронавирус жағдайын бақылауға мүмкіндік беретін worldometers.info сайты ақпаратына сәйкес, АҚШ инфекция жұқтырғандар саны бойынша Қытайды басып озып, бірінші орынға шыққан.

Штаттарда COVID-19 инфекциясы ресми түрде 83,6 мыңнан аса адамнан расталған. Тек бір тәулікте коронвирусқа шалдыққандар саны 15 мыңға артқан, осы уақыт аралығында 182 адам қайтыс болған.

Коронавирустан көз жұмғандар Италияда көп тіркелген. Осыған дейін туристердің сүйікті елінде 8 мыңнан аса адам қайтыс болды. Соңғы 24 сағатта 712 қайғылы жағдай тіркелген. Ал инфекция жұқтырғандар саны бойынша ҚХР-ға жақындап келеді. Елде 80,5 мың науқас бар, бір тәулікте коронавирус жұқтырудың 6 мыңнан аса дерегі расталған.

Айта кетейік, Қытайда COVID-19 инфекциясымен жалпы 81 мың адам ауырған, бірақ оның 75 мыңға жуығы дерттен айығып кетті. Соңғы тәулікте инфекция жұқтыру дерегі тіркелген жоқ.

Ал Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 113 адамға жетті. Олардың екеуі жазылып, 26 наурызда ауруханадан шықты. Сондай-ақ, күні кеше елімізде COVID-19 инфекциясынан болған алғашқы адам өлімі тіркелді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны жарты миллионнан асып кетті
Mailfire view pixel