Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус жұқтырған қазақстандық бойжеткен ауру белгілері жайлы айтты

Опубликовано:

Қазір оңтүстік астана жаңа коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны бойынша екінші орында тұр. COVID-19 инфекциясы анықталғандардың бірі - алматылық ару Алина Жанзақова. Бойжеткен коронавирус белгілері бастапқыда қалай пайда болғанын айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Видеодан кадрлар: КТК
Видеодан кадрлар: КТК: Instagram

Алинаның болжамынша, ол инфекцияны Беларусь арқылы Грузиядан ұшқан кезде жұқтыруы мүмкін.

Оның сөзінше, әуе кемесінің бортында жөтелген, ауру белгілері байқалған келіншек ұшқан. Бірақ ол дәл сол әйелден коронавирус расталған-расталмағанын білмейді. Тек осы рейстің екі жолаушысынан COVID-19 анықталғанынан хабардар.

Алина әуежайдан шыққан соң құрбысымен бірге бір таксимен кеткен. Ол мұны ауру жұқтырып алсам, ешкімге жұқтырмас үшін істедім дейді. Осылайша, бойжеткен өзімен медицина қызметкерлерінің байланысқанын күтеді.

Алайда оған дейін қыздың өкпесі дуылдап, тамағы қышиды, құрғақ жөтел пайда болады. Ал дене қызуы дәл қазіргідей қалыпты күйде қалады. Алайда жақында медицина қызметкерлері Алинада коронавирус расталғанын хабарлайды.

Қазір ауру мен жөтелдің беті қайтқан, алматылық бойжеткен өзін жақсы сезінді. Алайда ауруханадан шығатын уақыт жеткен жоқ.

Алина бәрінен бұрын өзін оқшауламас бұрын ауруды басқаларға да жұқтырып үлгердім бе деп уайымдайды. Себебі, ол коронавирус жұқтырмаған адамдармен бір палатада бес күн бойы жатқан. Бес күннен соң ғана жеке боксқа жіберілген.

Дереккөз КТК арнасы

Айта кетейік, коронавирустан айыққан екі қазақстандық 26 наурызда ауруханадан шықты. Сондай-ақ, 26 наурызда елімізде COVID-19 инфекциясынан болған алғашқы адам өлімі тіркелді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1847379-koronavirus-zktyrgan-kazakstandyk-aru-derti-zajly-ajtyp-berdi/

pixel