Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 120-ға жетті

Опубликовано:

Алматыда коронавирустың жаңа 7 дерегі тіркелді. Осылайша, елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 120- ға жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында 60, Алматыда 47 адам, Қарағандыда 4, Шымкент қаласында 2, Алматы облысында 1 адам, Ақтөбе облысында 1, Жамбыл облысында 3, СҚО-да 1, Ақмола облысында 1 адам - жалпы 120 науқас тіркелді.

Күні кеше коронавирустан айыққан екі қазақстандық ауруханадан шықты. Сондай-ақ, 26 наурызда елімізде COVID-19 инфекциясынан болған алғашқы адам өлімі тіркелді.

Айта кетейік, дүние жүзінде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 526,6 мыңнан асып кетті.

Онлайн режимде әлемдегі коронавирус жағдайын бақылауға мүмкіндік беретін worldometers.info сайты ақпаратына сәйкес, АҚШ инфекция жұқтырғандар саны бойынша Қытайды басып озып, бірінші орынға шықты.

Штаттарда COVID-19 инфекциясы ресми түрде 83,6 мыңнан аса адамнан расталған. Тек бір тәулікте коронвирусқа шалдыққандар саны 15 мыңға артқан, осы уақыт аралығында 182 адам қайтыс болған.

Коронавирустан көз жұмғандар Италияда көп тіркелген. Осыған дейін туристердің сүйікті елінде 8 мыңнан аса адам қайтыс болды. Соңғы 24 сағатта 712 қайғылы жағдай тіркелді.

Ал инфекция жұқтырғандар саны бойынша еуропалық мемлекет көрсеткіші ҚХР-ға жақындап келеді. Елде 80,5 мың науқас бар, бір тәулікте коронавирус жұқтырудың 6 мыңнан аса дерегі расталды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1847384-kazakstanda-koronavirus-zktyrgandar-sany-120-ga-zetti/

pixel