RU

Шетел азаматтарына Қытайға баруға тыйым салынды

Рассказать Вконтакте

28 наурыздан бастап Қытай визасы бар шетел азаматтарына аспанасты еліне кіруге тыйым салынды. Бұл барлық бизнес карта иелеріне, шекарада виза алуға, визасыз қозғалатын транзитті жолаушыларға және туристік сапарларға да қатысты болмақ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Шетел азаматтарына Қытайға баруға тыйым салынды

Көрнекі фото: pixabay.com

Соңғы тәулікте Қытайда COVID-19-ды жұқтырған 55 науқас тіркелген. Оның барлығы дерлік сырттан келгендер екен. Ал бір адам Чжэцзян елді мекенінде жұқтырған. Хубэйде бес науқас қайтыс болған. Дәрігерлер бақылауында 3,5 мың адам қалып отыр.

Сондықтан Сыртқы істер министрі мен Қытайдың көші-қон қызметі бірқатар шаралар қабылдауды қолға алған.

Мәселен елге 28 наруыздан бастап дипломаттық немесе қызметтік құжаты бар және "С" дәрежелі визасы бар адамдар кіре алады.

Өзге де жағдайларда Қытай елшілігіне жүгінуге болады.

Қытай әуе компаниялары енді бір бағытқа аптасына бір рет ұша алады. Ал шетелдік әуе компаниялары Қытайға аптасына тек бір рет қона алады. Ұшақтың ішіндегі жолаушылар саны 75 пайыздан аспауы керек. Бұл шешім өз күшіне 29 наурыздан бастап енеді.

Сондай-ақ енді Бейжіңде ауруханаға дене қызуымен түскен адамдардың барлығы коронавирусқа тест тапсырады.

Қоғамдық орындарда маскасыз жүруге тыйым салынды. Тұмаумен ауыратын адамдар өзгелерден 1 метр қашықтықта болуы қажет.

Жалпы Қытайдағы бүгінгі ахуал жақсарып келеді. COVID-19 инфекциясын жұқтырған 75 мың адам немесе ауруынан құлан таза айығып шыққан.

Айта кетейік, елімізде де коронавирустан айыққан екі тұрғын 26 наурызда ауруханадан шықты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Шетел азаматтарына Қытайға баруға тыйым салынды
Mailfire view pixel