Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Өзбекстан бес күннің ішінде аурухана салмақ

Опубликовано:

Өзбекстанда коронавируспен күресу үшін бірнеше аурухана мен карантиндік аймақтар салынады. Жауаптылар алғашқысын бес күнде аяқтауды жоспарлап отыр деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Хабар24 арнасына сілтеме жасап.

Видеодан кадр: Хабар24
Видеодан кадр: Хабар24: Instagram

Телеарна дерегінше, медициналық мекемелер Ташкент, Әндіжан, Навои, Сұрхандария облыстарында бой көтереді.

Құрылыс барысында қытайлықтардың тәжірибесі пайдаланылмақ.

Айта кетейік, күн шығыс елінде бұндай ауруханалардың құрылысы 10 күнде аяқталса, өзбектер алғашқы госпитальді 5 күннің ішінде салуды жоспарлап отыр.

Бұнда дертті жұқтырғандар ғана жатпайтыны белгілі болды. Денсаулық ошақтары карантинге жатқызылатын азаматтар үшін де шақталған. Қос корпустың ара қашықтығы әжептәуір алшақ. Олар екі бөлек ауданда орналасқан.

Карантиндік аймақ пен аурухананың әрқайсысы бір мезгілде 10 мың науқасты қабылдай алады.

"Карантиндік аймақты біз бес күнде тапсырамыз. Бұл жерде арнайы контейнерлер орнатылады. Олар Өзбекстанда жасалған дайын контейнерлер. Енді бұларды осы жерге әкеліп қою ғана қалды. Бөлмелердің ішінде душ, кондиционер, теледидар бар. Сайып келгенде, адамға қажетті барлық жағдай жасалған. Ал медициналық қызметкерлер үшін бөлек корпус әзірленіп жатыр", - деді Медициналық мекемелер Өзбекстанның құрылыс министрлігінің МСҚБ инспекциясының маманы Жамшид Уташев.

Айта кетейік, ел астанасында үш заманауи мамандандырылған медициналық мекеме тұрғызылады. Бас шаһардағы ауруханалар 500 орынға шақталған.

Бүгінде Өзбекстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 65-ке жеткен. Оның төртеуі ауыр халде жатыр.

Елде карантинде жатқан адамдардың саны 20 мыңнан асқан. Осыған байланысты ел билігі қауіптің алдын алу мақсатында бірқатар шараларды қабылдаған.

Мәселен көшеге бетпердесіз шығуға тыйым салынған. Ережені елемегендер әкімшілік жауапқа тартылып жатыр. Айыппұл көлемі біздің валютамен 10 мың теңге шамасында.

Бұған дейін адамдардың Ташкентке кіріп-шығуына шектеу қойылса, 26 наурызда Наманган мен Әндіжан қалалары да жабылды.

Еске сала кетейік, осыған дейін Еуропа елдері дайын нысандарды ауруханаға айналдырып жатқанын, ал Ресей Қытай тәжірибиесіне сүйеніп шұғыл инфекциялық аурухана құрылысын бастағаны хабарланған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1847400-koronavirus-zbekstan-bes-knni-isinde-auruhana-salmak/

pixel