Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Коронавирус шықты": Алматыда подъезд бен дүкеннің қоршалған сәтінен видео тарады

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде Алматыдағы үйлердің біріндегі подъезд бен дүкеннің қоршауға алынған сәтінен видео тарады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадрлар
Фото: Видеодан кадрлар: Getty Images

Видео Instagram желісіндегі kris_p_online парақшасында пайда болды. Жазба авторының сөзінше, бұл жағдай Тұрғыт Озал 242 мекенжайында орын алған.

Кадр сыртындағы әйел адам коронавирус ошағы анықталған соң үй подъезі мен дүкені қоршауға алынғанын хабарлайды. Келіншек енді жергілікті тұрғындарға дәрігерлер келіп, дене қызуын тексеруі мүмкін екенін айтады.

Айта кетейік, ресми ақпаратқа сәйкес, Бостандық ауданындағы Тұрғыт Озал 242 мекенжайы коронавирус жұқтырудың ошағы болып табылады. Бұл-аудандағы жалғыз ошақ. Қалада Наурызбай ауданынан басқа аудандарда 20 ошақ тіркелді.

27 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 120-ға жетті.

Күні кеше коронавирустан айыққан екі қазақстандық ауруханадан шықты. Сондай-ақ, 26 наурызда елімізде COVID-19 инфекциясынан болған алғашқы адам өлімі тіркелді.

Айта кетейік, дүние жүзінде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 526,6 мыңнан асқан.

Онлайн режимде әлемдегі коронавирус жағдайын бақылауға мүмкіндік беретін worldometers.info сайты ақпаратына сәйкес, АҚШ инфекция жұқтырғандар саны бойынша Қытайды басып озып, бірінші орынға шықты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1847401-koronavirus-sykty-almatyda-podezd-ben-dkenni-korsalgan-stinen-video-tarady/

pixel