Выйти
RU

Жамбыл облысында коронавирус анықталған үшінші пациенттің қайдан келгені белгілі болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысында 27 наурыз күні коронавирус жұқтырудың үшінші жағдайы тіркелді. Бойжеткен елге Қырғызстаннан келген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

Жамбыл облысында коронавирус анықталған үшінші пациент жайлы жаңа дерек шықты

Көрнекі фото: pixabay.com

Белгілі болғандай Қордай ауданының 1996 жылғы тұрғыны 24 наурыз күні Қырғыз Республикасынан келіп, карантиндік стационарға жатқызылған. Зертханалық зерттеу нәтижелері одан коронавирустық инфекцияны анықтаған.

Пациент инфекциялық стационарға ауыстырылды, оның жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда. Бойжеткенде дене қызуының жоғарылауы және коронавирустың басқа да белгілері байқалмайды.

Коронавирустық инфекцияны емдеу бекітілген хаттамаға сәйкес жүргізілуде.

Бойжеткенмен байланыста болған адамдардың қатары анықталып, карантинге жатқызылған.

Соңғы мәліметтер бойынша, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 120 адамға жетті.

Күні кеше коронавирустан айыққан екі қазақстандық ауруханадан шықты. Сондай-ақ, 26 наурызда елімізде COVID-19 инфекциясынан болған алғашқы адам өлімі тіркелді.

Коронавирустан көз жұмғандар Италияда көп тіркелген. Осыған дейін туристердің сүйікті елінде 8 мыңнан аса адам қайтыс болды. Соңғы 24 сағатта 712 қайғылы жағдай тіркелген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жамбыл облысында коронавирус анықталған үшінші пациенттің қайдан келгені белгілі болды