RU

Өзбекстанда 11 дәрігер коронавирус жұқтырып алған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

25 наурыз күні Ташкентте президент Шавкат Мирзиееевтің төрағалығымен коронавирс инфекциясының таралуын алдын алу мәселелері бойынша видео жиын өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ cenralasaian.media сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Өзбекстан басшысының сөзінше, елде коронавирус жұқтырған 65 адамның 11-і - Вирусология ұлттық-ғылыми институт қызметкерлері.

"Медицина қанша дамығанымен, мемлекет қанша қаражат бөлгенімен, адамдар дәрігерлерге құлақ асып, карантин шараларының ережесін сақтамаса, біздің, 100 мыңдаған азаматтың пандемияға қарсы күресі түкке тұрғысыз болады", - деді Мирзиеев.

Президент "азаматтарға ешқандай мәлімдеме жасамаған, халық арасында туындаған жағдайды түсіндіру бойынша шаралар қабылдамаған" өңір басшыларын сынға алды.

"Жергілікті телеарна мен газет-журналдарда тиісті жұмыс өз деңгейінде ұйымдастырылып жатқан жоқ. Облыс, аудан мен қала басшыларына эпидемологиялық игілік үшін қызметтік жауапкершілігі бар екенін қатаң ескертемін. Сіздер коронвирус халық арасында тарамауы үшін күндіз-түні халық арасында карантин режимінің жайсыз салдарлары жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізулеріңіз керек", - деді Өзбекстан президенті.

Айта кетейік, бұған дейін коронавирусқа байланысты Өзбекстанда бірнеше аурухана мен карантиндік аймақтар салына бастағанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Өзбекстанда 11 дәрігер коронавирус жұқтырып алған
Mailfire view pixel