RU

Карантин уақытын қалай өткізу керек: Отандық психолог халыққа кеңес берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Коронавирус пандемиясына байланысты әлемнің көптеген елінде карантин жарияланды. Адамдар соңғы уақыттарда үйден шықпай, қашықтан жұмыс істеуге дағдылануда. Шын мәнінде төрт қабырғаға қамалып отыру оңай емес. Осы орайда белгілі психолог Серікгүл Сәлі карантин кезінде уақытты қалай тиімді өткізуге болатынын айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Психолог қазіргі  тыныштықты пайдаланып, адами қасиеттерді көтеруге, бір-бірімен қарым-қатынасты бекітуге, отбасын күшейтуге кеңес беріп отыр.

"Мысалы, Қытайда карантиннен кейін ажырасу көбейіп кетті. Неге? Себебі олар өз үйінен қашып, өмір сүрген. Бізде де ондай адамдар аз емес. Көп уақытын жұмыста өткізеді, одан кейін тағы шаруамен шапқылайды. Сөйтіп, өзі білмейтін отбасын құрып қойған, оны танымайды да. Ішіндегі адам нені қалайды? Жаны не нәрсеге жақын? Былайша айтқанда, байланыс үзіліп кеткен, адами қарым-қатынас жоқ. Міне, осыны ойланумыз керек. Соған уақыт беріліп отыр", - дейді Серікгүл Сәлі.

Маманның ойынша, қазіргі мүмкіндікті пайдаланып, отбасының жаңа бір формасын құру қажет. Себебі отбасы құндылықтары әбден ұмытылған.

"Үйіңде бала-шағаңмен, жан жарыңмен, ата-анаңмен отырып, сырлас, рухани әңгіме айт. Осылайша, бөтен ешкімді кіргізбей, жеке отбасы жүйесін құру қажет, бұрынғы қателіктерді түзету керек. Бұған дейін не үшін арпалыстық? Не үшін жанталастық? Осыны ойланайық. Бұрын бұны тыңдайтын құлақ жоқ еді, қазір пайда болды. Пандемия бізді бір-бірімізді тыңдауға, бір-бірімізді құрметтеуге, бір-бірімізбен қарым-қатынас жасауға үйретеді. Ал ол далада емес, өз үйіңде басталуы керек", - деп түйіндеді психолог.

Соңғы мәліметтер бойынша, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 121 адамға жетті.

26 наурызда коронавирустан айыққан екі қазақстандық ауруханадан шықты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Карантин уақытын қалай өткізу керек: Отандық психолог халыққа кеңес берді
Mailfire view pixel