RU

СҚО-да коронавирус жұқтырған бойжеткен полицияға жүгінді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Петропавл тұрғыны полицияға арыз жазып, өзінің жеке деректерін әлеуметтік желіге кім салғанын анықтап беруді сұрады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

СҚО-да коронавирус жұқтырған ару полицияға жүгінді

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

Басылымның ақпаратынша, мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде 27 жастағы бойжеткеннің жеке мәліметтері (аты, тегі, туған жылы, мекенжайы) және коронавирустық инфекцияға тасырған тест нәтижелері пайда болған.

Сонымен қатар, ол тұратын үйдің қоршауға алынғаны бейнеленген суреттер де жарияланды.

Содан кейін қала тұрғыны құқық қорғау органдарына белгісіз адамдардың жеке басын анықтап, оларды жауапкершілікке тарту туралы өтініш жазған.

Аймақтық Полиция департаменті хабарлағандай, қазіргі уақытта жеке өмірге қол сұғылмаушылықтың бұзылуы туралы бап бойынша тергеу жүргізілуде.

Тәртіп сақшылары құпия ақпаратты кім таратқанын анықтайтын болады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелгенін хабарлаған едік.

27 наурыз сағат 10:20 жағдай бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 121-ге жетті.

Олардың 60-ы Нұр-Сұлтан қаласында, 48-і Алматыда, төртеуі Қарағанды қаласында, екеуі Шымкент қаласында, біреуі Алматы облысында, біреуі Ақтөбе облысында, үшеуі Жамбыл облысында, сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облысында бір-бір адамнан тіркелген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
СҚО-да коронавирус жұқтырған бойжеткен полицияға жүгінді
Mailfire view pixel