RU

"Біз үйдеміз": Отандық жұлдыздар халыққа үндеу жасады (видео)

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздары ел басына түскен қиын жағдайда отандастарына үндеу жасап, оларды барынша сақтануға шақырды. Өнер иелері халықтан үйден шықпауын өтініп, жарияланған төтенше жағдай талаптарын орындаудың маңыздылығын атап өтті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Бүгінде барша қазақстандықтармен қатар, ТЖ уақытында үйінде жатқан жұлдыздар әлеуметтік желі көмегімен көпшілікке үндеу жасады. Олар коронавирустың қауіптілігіне күмәнмен қарап, одан қорғану шараларын орындамай жүрген отандастарын сақтануға шақыруда. Шоу-бизнес жұлдыздары халыққа үйден шықпауға кеңес берді.

Қазақстандықтардың амандығы үшін Instagram желісінде шыпылдап жатқан өнер иелері арасында Айқын Төлепберген, Гүлзира Айдарбекова, Мөлдір Әуелбекова, Бүркіт пен Аиша, Ернар Айдар, Қайрат Нұртас, Жазира Байырбекова және тағы да басқалар бар.

Әртістер отандастарына арнайы видео түсіріп, оның астына #бізбіргеміз және #бізүйдеміз деген хэштегтер қалдырған.

Айта кетейік, бұған дейін коронавирус салдарынан үйлену тойын кейінге шегеруге мәжбүр болған отандық жұлдыздар туралы жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1847416-biz-jdemiz-otandyk-zldyzdar-halykka-ndeu-zasady-video.html