RU

Германияда карантин кезінде тәртіпке бағынбағандар сотталуы мүмкін

Германияда коронавирус пандемиясы кезінде карантин ережелерін бұзған адамдар қатаң жазаға тартылатын болады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Фото: iz.ru
Фото: iz.ru: Instagram

Германияда коронавируспен күресу жолында бірқатар шектеулер күшіне енген.

Елде бір жерде екі адамнан аса жиналуға болмайтыны хабарланды. Тәртіп бұзған адамдарға 200 еуро көлемінде айыппұл салынады.

Арнайы рұқсат қағазынсыз қарттар үйі немесе медициналық мекемеге барған тұрғындар 800 еуроға шығынға батады.

Заңға бағынбастан мейрамхана, асханалар жұмыс істеп тұрса, иелеріне 4 мың еуродан астам айыппұл қарастырылған.

Фитнес залдар шектеуге көнбесе, 5 мың еуро төлейді.

Елдегі ең қатал жаза қоғамдық жиын өткізушілерге арналған. Жиналғандардың саны оннан аспаса да, ұйымдастырушылар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бұл ережелерді полиция қызметкерлері қадағалайтын болады.

"Жақсы жаңалықтан бастайық. Германияда бес мыңнан астам адам науқас дерттен құлан таза айығып шықты. Дегенмен коронавирус жұқтырғандар да тіркеліп жатыр. Олардың саны күн санап артып келеді. Бұл эпидемияның басы ғана. Алдағы уақытта тіркелу деректері екі еселенетін болады. Сондықтан енгізілген шектеу мен тыйымдарды орындау өте маңызды" - дейді Роберт Кох институтының президенті Лотар Вилер.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, дүние жүзінде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 526,6 мыңнан асқан.

Онлайн режимде әлемдегі коронавирус жағдайын бақылауға мүмкіндік беретін worldometers.info сайты ақпаратына сәйкес, АҚШ инфекция жұқтырғандар саны бойынша бірінші орынға шыққан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1847419-germaniada-karantin-kezinde-trtipke-bagynbagandar-sottaluy-mmkin.html