RU

Қырық жасқа жетпей дүниеге 38 бала әкелген жалғызбасты әйел әлемді таңғалдырды

"Бала – өмірдің гүлі" деп айтып жатамыз. Олай болса, Угандадағы Мариам Набатанцидің өзінің ботаникалық бағы бар деп сеніммен айта аламыз! Бүгінгі таңда 39 жастағы ананың 38 баласы бар! Мариамның үлкен ұлы 23 жаста, кішісі небары 5 айлық деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Bigpicture.ru-ға сілтеме жасап.

39 жасында 38 баланы дүниеге әкелген угандалық жалғызбасты әйел
Фото: bigpicture.ru: UGC

39 жасында 38 баланы дүниеге әкелген угандалық жалғызбасты әйел
Фото: bigpicture.ru: UGC

Мариам Набатанци Уганда елінде қаншама бала тәрбиелеп отырған ана ретінде танымал. Жасы 39-да екенін ескерсек, отбасы құрамы әлі де толығарын жоққа шығара алмаймыз. Қазір оның 38 баласы бар, негізінде 44 бала дүниеге әкелген, алайда оның алтауы шетінеп кеткен көрінеді.

39 жасында 38 баланы дүниеге әкелген угандалық жалғызбасты әйел
Фото: bigpicture.ru: UGC

Мариам Набатанци 13 жасында тұрмыс құрады. Күйеуінің жасы өзінен әлдеқайда үлкен болған. Жігіт жас әйелін ренжітіп, зәбір көрсеткен екен. Бірақ бұл Африка елінің дәстүр, заңы бойынша Мариамның басқа таңдауы болмаған. Уақыт өте отбасындағы бала саны артқан соң, күйеуі оны тастап кеткен. Қазіргі кезде ана өзінің 38 баласын бір өзі бағып-қағып отыр.

39 жасында 38 баланы дүниеге әкелген угандалық жалғызбасты әйел
Фото: bigpicture.ru: UGC

Бір қызығы, Мариамның барлық балалары табиғи жолмен дүниеге келген, ал жүктілік пен босану кезінде онда ешқандай асқыну, ауырсыну жағдайы байқалмаған. 23-ші баласын дүниеге әкелгеннен соң, Мариам дәрігерлерден мұншалық тұқымдылығының себебін сұрайды, алайда ақ халаттылар мұның мәнін анықтай алмайды.

39 жасында 38 баланы дүниеге әкелген угандалық жалғызбасты әйел
Фото: bigpicture.ru: UGC

Мариам дәрігерлерден оны жасанды жолмен ұрықсыздандыруын өтінген, бірақ олар бұл операция оның денсаулығына орасан зиян келтіретінін алға тартып, бас тартты.

39 жасында 38 баланы дүниеге әкелген угандалық жалғызбасты әйел
Фото: bigpicture.ru: UGC

Бұл ерекше әйелдің барлық балалары бір ғана еркектен туған көрінеді.

39 жасында 38 баланы дүниеге әкелген угандалық жалғызбасты әйел
Фото: bigpicture.ru: UGC

Мариамның балаларының арасында алты жұп егіз, төрт жұп үшем және үш жұп төртем бар. Тағы үш мәрте бір баладан дүниеге әкелген.

39 жасында 38 баланы дүниеге әкелген угандалық жалғызбасты әйел
Фото: bigpicture.ru: UGC

Қаншама баланы бағып, тәрбиелеу өте қиын екені айтпаса да түсінікті, оның үстіне Угандадағы қазіргі жағдайларға қарағанда тым ауыр. Мұны байқаған Кассим Кайри есімді журналист Мариамның оқиғасын Facebook парақшасында жариялап, ниетті адамдардан қажылай көмек беруін сұраған.

39 жасында 38 баланы дүниеге әкелген угандалық жалғызбасты әйел
Кассим Кайри, Мариам Набатанци мен балалары/bigpicture.ru: UGC

Уганда азаматы Каро Ому Мариам жайлы оқып, осы отбасына көмек қорын ашып береді.

"Біздің мақсатымыз – Мариамның отбасына арнап кем дегенде 10 мың фунт (5 млн теңге) жинау. Бұл ақша мұқтаж әйелге балаларына жақсы күтім жасауға, медициналық көмек көрсетуге және болашақта өмір сапасын жақсарту үшін жеке ісін ұйымдастыруға көмектеседі", – дейді Каро Ому.

Қазірдің өзінде Набатанцилер отбасы 7800 фунт (4 млн теңге) жинап үлгерді.

Камера алдында сөйлеу мүмкіндігіне ие болған Мариам барлық еркектерден отбасын тастап кетпеулерін өтінді. Себебі балалар ата-анасының қамқорлығын қажет ететіндігін ашып айтты.

Еске сала кетсек, бұған дейін әйгілі Диордың музасы болған қазақ қызы туралы жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1847430-kyryk-zaska-zetpej-dniege-38-bala-kelgen-zalgyzbasty-jel-lemdi-tagaldyrdy.html