Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирустан көз жұмған әйел Алматы мен Шуда қонақта болған

Опубликовано:

26 наурызда Қазақстанда коронавирустық инфекциядан бір адам көз жұмды. Марқұм Ақмола облысының 64 жастағы тұрғыны болған. Бүгін оған қатысты жаңа деректер пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

коронви
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының брифингі өтті.

Брифингте кеше, 26 наурызда дәрігерлердің жасаған терапиясы мен ем-домына қарамастан Ақмола облысының тұрғыны қайтыс болғаны айтылды.

Ол 25 наурызда таңғы 7-де ауыр жағдайда ауруханаға түскен. Одан кейін жеке оқшауланып, жансақтау бөліміне жатқызылған.

Туыстарының сөзінше, марқұм ЖРВИ және КВИ жұқтырған науқастармен байланыста болмаған, шетелге шықпаған. 13 наурыз бен 17 наурыз аралығында әйел адам Алматы мен Шу қалаларында қонақта болған.

Байланыста болған адамдар ауруханаға жатқызылып, тексерістен өтті. Марқұм тұрған Қосшы ауылындағы жеке үйде жерлеу рәсімі өткізілген соң залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.

Еске сала кетсек, 26 науырзда коронавирустық инфекциядан көз жұмған алғашқы науқас тіркелді.

Сондай-ақ оның өлім себебі айтылды. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, марқұмның өліміне екі жақты пневмония, тыныс алуының қиындығы, қант диабеті кезіндегі сепсис, гипертониялық ауру және атеросклероз себеп болған. Өкпе қабынуының себебі – коронавирус.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1847431-koronavirustan-kz-zmgan-jel-adam-almaty-men-suda-konakta-bolgan/

pixel