RU

Жекеменшік ұшақпен ұшқан Нұр-Сұлтан сотының төрағасына қатысты тексеріс басталды

БАҚ беттерінде елордалық сот төрағасы Тілектес Бәрпібаевқа қатысты түрлі мақалалар пайда болған соң оған сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызығушылық танытты. Жоғары соттың ішкі қауіпсіздік бөлімімен бірге агенттіктегілер Бәрпібаевқа қатысты тексеру жұмыстарын бастады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: sud.gov.kz
Фото: sud.gov.kz: UGC

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктегілердің мәліметінше, жеке бортты кәсіпкер, елордалық сот төрағасының құдасы жалдаған. Борт алдымен медициналық ота жасау үшін Германияға ұшуға бағытталған.

Тілектес Ешейұлы сот этикасын бұзған-бұзбағанын тексеріс аяқталған соң Жоғарғы сот комиссиясы анықтайды. Осы шешімге сәйкес алдағы шаралар қабылданады.

Айта кетейік, осыған дейін БАҚ беттерінде Нұр-Сұлтаннан Минскіге, кейін Берлин мен Лондонға ұшқан жеке борт жайлы кішігірім тергеудің нәтижелері шыққан еді.

Бұл сапар екі рет қайталанған, соңғы рет ұшақ Алматыға 9 наурыз күні келген.

Еске салайық, 13 наурызда Нұр-Сұлтанда өткен Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде алғаш рет COVID-19 инфекциясы тіркелгенін мәлімдеді. Ал бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 121-ге жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1847438-nr-sltan-sotyny-tragasy-zekemensik-sakpen-skany-sin-tekseriledi.html