RU

Ғалымдар коронавирусты асқындырып жіберетін ауруды атады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жүрек-қан тамыр жүйесінің ауруы коронавирустан болатын өлімді 4,5 есе арттырады. Қытайлық ғалымдар осындай тұжырымға келген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Ғалымдар коронавирусты бірден асқындырып жіберетін ауруды атады

Көрнекі фото: pixabay.com

Мамандар Ухань университеті Халық ауруханасында коронавирустық инфекция жұқтырған 416 науқасты бақылаған. Олардың пайымынша, жүрек-қан тамыр жүйесі жұмысының бұзылуы мен COVID-19 пациенттерінің өлімі арасында айтарлықтай байланыс бар.

Сонымен, жүрегінде ақауы бар науқастардың өлімі жүрек-қан тамыр жүйесімен ауырмайтын пациенттерге қарағанда анағұрлым көп болған.

"Уханьдағы COVID-19 жұқтырған көптеген пациенттерде жүрек аурулары жиі кездеседі, бұл ауруханаға жатқызу кезіндегі өлімнің жоғары деңгейін түсіндіруі мүмкін", - дейді ғалымдар.

Жүрек ауруы бар адамдарда пневмонияның ауыр түрі он есе жиі дамитыны айтылған. Мамандар жүрек жұмысының бұзылу механизмі мен оны COVID-19 емдеу кезінде әрі қарай да зерттеу маңызды екенін айтты.

Еске сала кетсек, елімізде коронавирустық инфекция жұқтырғандар саны 121 адамға жетті.

Қазір Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 60 адам, Алматы қаласында 48, Қарағанды қаласында 4, Шымкент қаласында - 2, Алматы облысында - 1, Ақтөбе облысында - 1, Жамбыл облысында -3, Солтүстік Қазақстан облысында - 1, Ақмола облысында - 1 адам - жалпы 121 науқас тіркелді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ғалымдар коронавирусты асқындырып жіберетін ауруды атады
Mailfire view pixel