RU

Нұр-Сұлтанда облыстық аурухана карантинге жабылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елорда әкімдігі Нұр-Сұлтанда орналасқан көпсалалы №2 облыстық аурухананың карантинге жабылғаны хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұр-Сұлтанда облыстық аурухана карантинге жабылды

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

Медициналық мекеме Манас көшесінде орналасқан. Қазіргі уақытта көпбейінді аурухана пациенттеріне баруға тыйым салынған, вирус жұқтырғандармен байланыста болған тұлғалар карантинге жіберілген.

Үй-жайларда дезинфекция жұмыстары жүргізілген. Бұл коронавирустың таралуына байланысты жасалған.

Сондай-ақ, елордалық билік №1 автобус паркінің карантинге жабылғанын да хабарлады. Ол жерде де дезинфекция жүргізіліп, вирус жұқтырғандармен байланыста болған адамдар стационарға жіберілген.

Сонымен қатар қала билігі 100-ден астам адам ТЖ режимін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылғандығын айтты. Қалаға кіру мен шығудың ерекше тәртібін бұзғаны үшін 46 тәртіп бұзушы қамауға алынған.

Еске сала кетейік, 28 наурыз күнгі сағат 00.00-ден бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимін күшейтіледі.

Оған сәйкес енді тұрғындарға тек азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алу үшін және жұмысқа бару үшін тұрғын үйден шығуға рұқсат етіледі.

Халық көп жиналатын орындарды жабылады (саябақтар, скверлер, жаяу жүретін көшелер, жағалаулар, ойын алаңдары және т. б.).

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нұр-Сұлтанда облыстық аурухана карантинге жабылды
Mailfire view pixel