Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Карантиндегі жұлдыз": Отандық әншілер жаппай онлайн концерт беруге көшті (видео)

Опубликовано:

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздары мемлекетте орын алған ауыр жағдайда отандастарына барынша жақсы көңіл-күй сыйлауға тырысып жатыр. Әншілер қауымы коронавирус кесірінен уайымға салынған халықтың еңсесін көтеру мақсатында жаппай онлайн концерт беруге көшті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Twitter

Отандық эстрада өкілдері еліміз үшін қиын кезеңде халықтың рухын көтеріп, қауіпті індетті жеңіп шығуға құлшыныс тудыруда.

Жұбаныш Жексенұлы алғашқылардың бірі болып, отандастарына онлайн ән кешін өткізді. Өнер иесі бірнеше музыканттың көмегімен желі арқылы ерекше форматта "Карантиндегі жұлдыз" атты концертін берді. Ол бұрын-соңды мұндай нұсқада концерт жасап көрмегенін алға тартты.

Ал күні кеше, сағат 21:00-де онлайн концерттер легін халық әртісі әрі аңыз әнші Роза Рымбаева жалғастырды. Эстрада жұлдызы ұлы Әли Оқаповпен бірге көпшілік сүйіп тыңдайтын әндерін шырқап, халыққа ерекше көңіл күй сыйлады.

Айта кету керек, бүгін де кешкі сағат тоғызда қазақстандықтарды ерекше форматтағы ән кеші күтуде. Бұл жолы тыңдармандарды желі арқылы Сәкен Майғазиев таңғалдырмақ.

Еске сала кетейік, бұған дейін отандық жұлдыздардың халықты үйден шықпауға шақырып, үндеу жасағанын жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1847448-karantindegi-otandyk-nsiler-zappaj-onlajn-koncert-beruge-ksti-video/

pixel