Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде төтенше жағдай кезінде АЕК қалай тағайындалады

Опубликовано:

Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап қазақстандықтар төтенше жағдай кезінде мемлекеттік органдармен байланыссыз атаулы әлеуметтік көмекті ала бастайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, әлеуметтік көмекті қайта тағайындау үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық базалары арқылы деректерді тексеру жүргізіледі.

Егер отбасы құрамы өзгермеген жағдайда, тағайындауға өтініш қолда бар деректер негізінде қалыптастырылатын болады.

Бұл үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері 1 тоқсанда АӘК алған азаматтар үшін өз бетінше өтініш жасайды және АӘК тағайындау өлшемдеріне сәйкестігін тексереді.

Ведомсво барлық ақпарат, сондай-ақ хабарламалар электрондық пошта немесе мессенджерлер арқылы жіберілетінін мәлім етті.

"1-тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек алмаған азаматтарға АӘК тағайындау үшін egov.kz порталы арқылы өтініш жіберу қажет. Әрі қарай жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері құжаттарды мемлекеттік органдардың мәліметтер базасында тексеріп, нәтижесін электрондық пошта немесе мессенджерлер арқылы хабарлайды", - делінген хабарламада.

Бұл ретте учаскелік комиссиялар көшпелі тексерулер жүргізбейді. Барлық қажетті құжаттарды азаматтардан электрондық пошта арқылы немесе мессенджерлер арқылы сұрататын болады.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың басынан бері АӘК алушылар 102,4 мың отбасы немесе 527,6 мың адам болды. АӘК алушылардың 41,5 %-ын көпбалалы отбасылар құрайды.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қазақстанда төтенше жағдай кезіндегі 42500 теңге жәрдемақы кімдерге төленетінін жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1847450-elimizde-ttense-zagdaj-kezinde-aek-kalaj-tagajyndalady/

pixel