Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында коронавирус жұқтырудың алғашқы деректері тіркелді

Опубликовано:

Атырау облысында коронавирус жұқтырған үш адам анықталды. Осылайша, елімізде COVID-19 инфекциясына жұқтырғандар саны 124-ке жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов
Фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов: Original

Қазақстандағы коронавирус бойынша 27 наурыз сағат 12:00-дегі жағдай:

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 60 адам, Алматы қаласында – 48 адам, Қарағанды қаласында - 4, Жамбыл облысында -3 адам, Атырау облысы - 3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Ақмола облысында - 1 адам жалпы 124 науқас тіркелген.

Еске сала кетсек, 26 наурызда коронавирус инфекциясынан көз жұмған алғашқы науқас тіркелді.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 64 жастағы әйел адамның өліміне екі жақты пневмония, тыныс алуының қиындығы, қант диабеті кезіндегі сепсис, гипертониялық ауру және атеросклероз себеп болған. Өкпе қабынуының себебі – коронавирус.

Бүгін марқұмның Алматы мен Шуға қонаққа барғаны анықталды.

Әлемдегі жағдайға келсек, дүние жүзінде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 526,6 мыңнан асқан.

Онлайн режимде әлемдегі коронавирус жағдайын бақылауға мүмкіндік беретін worldometers.info сайты ақпаратына сәйкес, АҚШ инфекция жұқтырғандар саны бойынша Қытайды басып озып, бірінші орынға шыққан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1847453-atyrau-oblysynda-koronavirus-zktyrgan-s-adam-anyktaldy/

pixel